Қытай АҚШ-тың есіне Екінші Дүниежүзілік соғыс тарихын салды
Қытай халықтық республикасының сыртқы істер министрі Ван И Оңтүстік Қытай теңіізіндегі даулы аралдар туралы сөзінен кейін АҚШ-тың есіне екінші дүниежүзілік соғысты есіне салды
Мұндай мәлімдемені АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерстонның даулы аралдар туралы сөзіне Қытай СІМ Ван И айтқан.Осыған сай келетін хабарландыру қытай сыртқысаясат мекемесінің сайтында да айтылған.
- Американдық достарыма ұсынысым – Екінші Дүниежүзілік Соғыс тарихын есіне алсын – деді Ван И, ол біткеннен бері көп уақы өтпегенін айтып. - Екінші дүниежүзілік соғысының Каир және Потсдам декларациясы сияқты жемісі Жапониның басып алған жерлерін, оның ішінде Спартли аралдарын Қытайға қайтаруға тиіс екенін көрсетеді
Министрдің айтуыншы, 1946 жылы бұл аралдардың суверенитеті қытай заңнамасы бойынша Ақш көмегімен қалпына келтірілген. Бірақ кейіннен кейбір көршілес елдер Наньша аралының біраз бөлігін заңсыз иемденіп алып, бұл Оңтүстік Қытай теңізінің дауына алып келген, - деп атап өтті СІМ басшысы.
Жуықта, 7 ақпан күні Тиллерстон Жапон СІМ Фумио Кисидамен телефон арқылы әңгімелескенде Сэнкаку аралдарындағы жапон әкімшілігіне зиян келтіруге бағытталған біржақты әрекеттерге қарсы шығатынын айтқан болатын.