Ресей мен Иран СІМ басшылары Астанадағы Сирияға байланысты кездесуді жоғары бағалады
Ресей СІ министрі Сергей Лавров пен Иран СІМ басшысы Джавад Зариф телефонмен сөйлесті. Министрлер Астанадағы Сирия бойынша өткен халықаралық кездесудің қорытындысына жоғары баға берді
- Екі тарап та кездесуді жоғары бағалады. Кездесу нәтижесінде әзірлік белгіленіп, алдағы уақытта Астананың мүмкіндігі мен тәжірибесін қолдану мақұлданды, - деп жазды баспасөз қызметінің хабарламасында.
Министрлер ресейішілік қақтығыстарды шешу жолында тығыз қарым-қатынаста болуға шарттасты.