Астанада Сирия бойынша көпдеңгейлі конференцияның екінші күні басталды
Астана қаласында РФ, Иран, Түркия делегациясының, БҰҰ Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура мен қарулы оппозиция және Сирия билігінің қатысуымен Сирия бойынша көпдеңгейлі конференция жұмысының екінші күні басталды
Сейсенбі күні кездесудің қорытынды құжаты болатын коммюнике шығару күтілуде.
Жуықта БАҚ айналымында «Астаналық» атанып кеткен жаңа форматтағы жұмыстың бірінші күн қорытындысы туралы брифинг аясында, ресейлік делегация басшысы, Сирия бойынша РФ президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев келіссөздің екінші күнінде айтарлықтай белсенді жүрді.
Екінші күн жақсы нәтижелерге толы болады деп үміттенемін, келіссөз біте салысымен тілдесеміз деп ойлаймын, - деді бірінші күн қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, бірнеше сұрақтар қатарын Леврентьевтің айтуынша келістіру керек.
Бұл сұрақтар бүгін біз қарағандардың ішінде: әскери әрекеттерді тоқтату сұрағы, лаңкестерді оппозициядан бөлу сұрағы, Сириядағы лаңкестікпен бірлесе күрес сұрағы, - деді ол.
Басты мәселелердің бірі болып атысты тоқтату режиміңн бақылау және Сирия төңірегіне тарату болып табылады.
А. Лаврентьевтің айтуынша, қазіргі уақытта Астанадағы келіссөз жақтары «Сириядағы атысты тоқтату режимін сақтау үшін үш кепілгер ел жақтары жағынан бақылау сұрағы қаралуда».
Әңгіме үшдеңгейді механизм төңірегінде емес, Сириядағы атысты тоқтату режимін бақылау, бұзылуды тіркеу және болақта қайталануына жол бермеу төңірегіндегі үшжақты жұмыс форматында, - деді ол.
Сириядағы бейбітшілік туралы келісім бойынша біраз жетістік болса да, Сирия оппозициясы мен билік делегациясы арасындағы кездестіруді ұйымдастыру мүмкін болмады. Алайда А, Лаврентьев келіссөзде Сирия билігі мен оппозициясының кездесубе болуын жақсыға жорып отыр.
Бұл оқиғаны (келіссөздің басталуын) үш кепілгер елдердің былтырғы жылдың 29 желтоқсаны барысындағы келісімге келуімен ғана емес, БҰҰ бас хатшысы өкілінің, Қазақстандағы АҚШ елшісінің, сириялық билік пен оппозициясының кездесуін өте жақсы деп айта аламын, - деді.
РФ делегациясы өкілінің айтуынша, «бастапқыда қызбалық жоғары болғанымен, екі жақ та ақылды алға тарта алды, халықаралық деңгейдегі маңызды іс шараның үзіліп кетуіне әкеліп соғар нақты бір әрекеттерден бас тарта отырды».
Мұны келіссөз үрдісінің жаңа сапалы деңгейге өтетініне үміттендіретін айтулы қадам деп санаймын, - деді дипломат.
Алайда екінші күні тікелей қатынас орнатуға болады деу қиын: оппозиция өкілдері бұған дайын емес екендерін қадап айтуда. Оппозиция кеңесшісі Яхья аль-Аридидің айтуынша, тек белгілі бір шешімдерге келгенде ғана оппозиция мен билік келіссөзге келе алады.
Следующая →
Тақырыптар:
Переговоры по Сирии в Астане