Заңгерлер Трампты АҚШ конституциясын бұзды деп айыптамақ
Заңгерлер тобы АҚШ президенті Дональд Трампты сотқа бермек. Олардың айтуынша ол конституцияны бұзыпты-мыс
БАҚ ақпаратты бойынша, Днальд Трампқа қарсы талапты 23 қаңтар күні «Азаматтар Вашингтондағы жауапкершілік пен этика үшін» тобы қоймақ.
Заңгерлер АҚШ президенті қолындағы компанияларының меншігінен бас тартып, активтерін сатқан жоқ дегенге меңзеуде. Бұл президентпен АҚШ конституциясын бұзғандық екен.
Топ мүшелерінің пікірінше Трамп компаниялары жасайтын келісімнен келетін пайданың барлығы шетелдік державалардан сыйақы алғанмен тең.
Сонымен қатар Дональд Трамп компанияларына берілетін шетелдік несиелер мен жылжымайтын мүлік жалдамасына берілетін қаражат та сыйақы көрінеді.