Песков Владимир Путиннің жаңа кезеңге өтетініне үмітін білдірді
РФ басшысының баспасөз-қызметкері Дмитрий Песков Ресей азаматы ретінде Владимир Путин жаңа кезеңге өтетін болса қуанатынын айтты
Би-би-си журналистінің 2018 жылы Владимир Владимирович қайта сайлауға түсе ме деген сұрағына Кремль өкілі: «2004 жылғы бірінші өткен сұхбат барысында да Ресей Федерациясының азаматы ретінде оның жаңа кезеңге баратын шешіміне үміт артамын» деп жауап берді.
Мұнымен қоса Дмитрий Сергеевич 2018 жылы мықты оппозицияның болуы, қазіргі президентке бәсекелес бола алатын өкілдің болуы жақсы болатынын атады.
- Менің ойымша, РФ-да мықты оппозиция болса, қазіргі билікпен бақталасар тәжірибелі саясаткерлер болса пайдалы болар еді, - деді Кремль өкілі.
Естеріңізге саламыз, 2015 жылдың қыркүйегінде Путин жаңа кезеңге шығу жағдайларын атап өткен болатын. Ресе көшбасшысы атап өткендей, барлығы елдегі және әлемдегі жағдайларға байланысты болады.
Следующая →