Заңды талқылау барысында Түркия депутаттары төбелесіп қалды
Түркия парламентінде басқарушы партия мен оппозиция депутаттары төбелесіп қалды
"Хабер Түрк" телеарнасының хабарлауынша, кеше, ақпанның 17-сі күні, кешқұрым қауіпсіздік мәселелеріне арналған заң жобасын талқылау барысында Әділдік пен даму партиясы және Халықтық республикалық партия өкілдері арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан.
Зардап шеккендердің ішінде Халықтар демократиясы партиясына кіретін әйел депутат та бар. Үш депутат ғимарат ішіндегі медициналық бекеттің көмегіне жүгінсе, оппозицияның екі өкілі - Айқұт Эрдоғды мен Мұса Чаманы емханаға жатқызуға тура келді. Себебі олар қатты жарақат алды.
Төбелес кезінде біреулер парламент төрағасы қолданатын ағаш балтаны пайдаланып, опозиция өкілдерін бастан ұрған. Жанжалдың себебі - қауіпсіздік туралы заң жобасы.
Талқылау барысында үкімет елдегі тәртіпті барынша сақтау мақсатында күш құрылымдарының құқықтары мен міндеттерін кеңейтуді ұсынды. Халықтық республикалық партия болса, ол бұған үзілді-кесілді қарсы.
"Соның арқасында полиция құзіреті күшейе түседі. Ал халықтың сан алуан қарсылық шараларын өткізу құқықтары шектеліп қалады", - дейді оппозиция.

Следующая →