Трамп АҚШ-қа жасалған кибершабуылды Ресей жасады деп ойламайды
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Демократиялық партияның жүйесіне жасалған электронды шабуыл «басқа біреулерге» де қажет болуы мүмкін
Донольд Трамп АҚШ саяси ұйымдарының компьютерлік жүйесіне жасалған кибершабуылдарға Ресей кінәлі деп ойламайды. Бұл туралы жергілікті бақ республикашылдың әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлауда.
Сонымен қатар ол оған дәлелдер табылатынын және екі елдің қарым-қатынасы жақын арада түзелетініне сенімді.