Филиппин президенті АҚШ-қа «бай-бай» деді
Филиппин президенті Родриго Дутерте еліне қолдау көрмсетуді тоқтатуды жоспарлаған АҚШ жоспарына жауап берді
Филиппин президенті Родриго Дутерте елдегі кедейлікпен күрес бағдарламасын тоқтату туралы Вашингтон шешіміне қарсы АҚШ әскерін қуып шықты.
- Көзге көз. Егер мұны істей алсаңдар, біз де істей аламыз. Бұл бір қақпалы ойын емес. Сау бол Америка, - деді Дутерте
Осыған дейін Вашингтонда Филиппин елінің президенті Родриго Дутерте саясатына разы болмағаны үшін қолдау бағдарламасы тоқтатылатыны туралы айтылған. Бұған жауап ретінде филиппин жетекшісі елдегі барлық АҚШ әскері шығарылуын талап етіп, «Филиппиндер американ ақшасынсыз өмір сүре алады» деп жар салған.