Фидель Кастромен қоштасу Кубада басталды
Гаванада кубалық революцияның көшбасшысы ФидельКастромен халықтың қоштасуы басталды. Саяси жетекшінің мәйіт күлі Гавананың орталығындағы Хосе Марти мемориалды кешенінде қойылды
Революция алаңындағы Хосе Марти мемориялының алдына Кастроның мәйіт күлі, Фульхенсио Батистің қарулы диктаторлық әрекетіне қарсы шыққан кездегі фотосуреттері, марапаттары қойылған жерге кубалықтар қоштасуға ағылып жаттыр. Қара күн ретінде жарияланған бұл күні елдегі тудың барлығы түсірілді. Қостасу жергілікті уақытпен сағат 10.00-де басталады. Сондай-ақ, аралда тұрғындар кубалық ревалюцияға беріктіктері жазылған хаттарды қалдыруға арналған мыңдаған орындар жасақталды.
30 қараша күні Фидель Кастроның мәйіт күлі оның қалдырған аманаты сәйкес Кубаға сол баяғы бағыт бойынша (тек кері бағытта), 1959 жылы Батисті тайдырған соң «Бостандық керуені» жүріп өткен жолмен Гаванадан бүкіл ел арқылы Сантьяго-де-Кубаға дейін жеткізіледі. «Командантенің соңғы сапары» 4 күнге созылады. Ал оны жерлеу рәсімі Сантьяго-де-Кубада 4 желтоқсан күні «Санта Ифигения» зиратында жүргізіледі.