Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +31°
  • Орал
    +33°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +28°
  • Шымкент
    +28°
$
476.27
515.47
¥
65.55
5.41
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Ресей СІМ-ге Трамптың Фидель Кастро туралы айтқан пікірі ұнамады

Ресей Сыртқы істер министрлігі Дональд Трамптың кубалық саясаткер, революцияшыл Фидель Кастроның өліміне қатысты әрекетіне пікір білдірді

- Өмірден озған саясаткерді жамандап, оған қатысты жағымсыз пікір білдіріп жүргендер өз ұяты алдында жауап берсін. Түрлі саяси күштер қандай қарым-қатынаста болса да, Фидель Кастро мықты заманауи саясаткер бола білді. Ол құрметке лайық, - деді РФ СІМ латынамерикалық департаменттің директоры Александр Щетинин.

Айта кетейік, Ф. Кастро 1926 жылы Кубаның Биран қаласында, қант плантациясы иесінің отбасында дүниеге келді. 1950 жылы Гаванадағы университеттің заңгер факультетін тамамдады. Студенттік шағында Куба халықтық партиясының құрамыне енеді. 1953 жылы Монкада казармасына жасалған шабуылға қатысып, он бес жылға бас бостандығынан айырылады.

1955 жылы түрмеден босап шыққан Фидель қысым көріп, Мексикаға көшеді. Келесі жылы қайтып оралып, партизан қозғалысына күш жинайды. Ал 1959 жылы Ф. Кастро Куба үкіметінің басшысы болады.

Соңғы жылдары Кастроның денсаулығы сыр бере бастаған. Ал 2008 жылы оның орнына інісі Рауль келді.


Следующая →