Дональд Трамп-кіші Сирия туралы жабық келіссөз өткізді
АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлы Париж қаласында Сириядағы қарулы қақтығысты шешу туралы РФ-мен ынтымақтастықтағы дипломаттармен әкесінің атынан жабық келіссөз өткізді
38 жасар Трамп-кішімен өткен кездесу Францияның саяси және сыртқы қарым-қатынасы орталығының бастамасымен Париж қаласында ағымдағы жылдың қазан айында өткен. Онда Сирияның «Плюралистикалық қоғам қозғалысы» төрағасы Ранда Кассис, сирияның оппозиция өкілдері мен бірқатар елдердің дипломаттары мен саясаткерлері қатысқан. Аталмыш қозғалыс САР президенті Башар Асадпен ынтымақтастық және қайшылықты саяси реттеу үшін шығады. Трамп-кіші сонымен қатар кездесуге қатысушылармен жабық келіссөз өткізген.
The Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында Ранда Кассис Трамп-кішімен әңгімелесу барысында Сириядағы қайшылықты реттеу ісінде Ресей мен АҚШ арақатынасының маңыздылығы туралы тақырыпты қозғағандарын айтты. Басылым сонымен қатар, президенттің үлкен ұлының бұл кездесуі Ақ үйдің жаңа басшысы Мәскеумен ынтымақтастықты қалпына келтіруге баса назар аударғанын аңғартады деп жазған.