Владимир Путин Обаманы Ресейге шақырды
Ресей президенті Владимир Путин Перуде өткен АТЭЫ саммиті барысында АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обаманы Ресейге келіп қайтуды ұсынды
- Екі елдің арасындағы қарым-қатынастар ара-тұра оңай болмаса да, Обама екеуіміз де, бір-біріміздің саясатымызға сыйластықпен қараймыз. Сондықтан мен оны бірге ел басқарған кездері үшін алғыс айтып, егер ол қаласа, кез келген уақытта Ресейге қонаққа келе алатынын, қуана қарсы алатынымызды айттым, - деді АТЭЫ қортындысы бойынша өткен журналистермен кездесу барысында Путин.
Форум басталмас бұрын Обама мен Путин әңгімелесіп отырды. Ресей басшысының баспасөз хатшысы хабарлағандай олар Сирия мен Украина елдерінің мәселелерін талқылады.