Саркози саясаттан кететінін мәлімдеді
Францияның экс-президенті Николя Саркози өзінің правоцентристік партия праймеризде жеңілгенін мойындап, саясаттан кететінін айтты
Мұндай мәлімдемені Саркози дауыс беруі нәтижесінде екі экс-премьерден Франсуа Фийон мен Ален Жюппеден кейінгі үшінші орынға келген соң хабарлады.
- Мен Франсуа Фийон мен Ален Жюппені екінші кезеңге өтулерімен құттықтаймын. Олар француздар мақтануға тұратын, лайықты тұлғалар, - деді ол.
Сонымен қатар, Саркози өзінің сайлаушыларын Француаға дауыс беруге шақырды. Өйткені оның ұстанымдары Саркозиге жақын.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні Франциядағы «Республикашылдар» партиясы 2017 жылы болатын президент сайлауында партияның атынан шығатын үміткерді анықтауда. Бұл сайлауға дайындық жолындағы турдың 22,1%-ы Саркозиге дауыс берсе, экс-премьер Француа Фийонға 44,0%, Ален Жюппеге сәйкесінше 28,1% дауыс берді.