Сааквашвилиді Грузияға қайтаруы мүмкін
Украина билігі Михаил Саакашвилиді Грузияға қайтару мәселесін қарастыруда. Өйткені оны елдің азаматтығынан айыру мүмкін емес, алайда Грузия жақтың сұранысын орындауға болады
Украина билігіндегі дереккөздің ақпаратына сүйенсек, Саакашвилиді Грузияға қайтаруы мүмкін. Себебі оны әзірге украиналық азаматтықтан айыру мүмкін емес.Сондықтан Украина оны Грузияның сұрауы бойынша қайтара алады.
Алайда Украинаның бас прокуроры Юрий Луценко бұл алып-қашпа сөздер шындыққа жанаспайтынын айтты. «Украина өз азаматтарын өзге елге бермейді. Бітті» деді бас прокурор.
Тақырыптар:
Президент Украины Петр Порошенко Михаил Саакашвили Генеральный прокурор Украины Юрий Луценко