АҚШ-тың қазіргі президентінің істерін келесі басшыға тапсыру уақытша тоқтатылды
Республикандық Дональд Трамп командасының кураторын ауыстыру Барак Обаманың істерін миллиардерге беруді тоқтатқаны белгілі болды
- Қазір таңдаулы вице президент Майк Пенспен АҚШ-тың қазіргі әкімшілік өкілдерімен ынтымақтастықта болу үрдісін реттейтін өзара түсіністік меморандумына қол қою туралы билікті беру кураторымен жұмыс істеудеміз, - дейді ол.
Хоффин мұның ел заңнамасымен қаралған және елдегі билікті ары қарай беру үрдісіне қажетті құжат екенін ескертті. Оған қол қойылғанға дейін, заң бойынша Пенс пен оның командасы маңызды ақпараттар мен қажетті құжаттарға қол жеткізе алмайды.
Трамп өткен аптада билікті беру командасынан Кристиді шығарып, Пенсті өтпелі команда жетекшісі етіп тағайындаған. Бітуіне 66 күн қалған бұл үрдісте осыған байланысты біраз кідіріс орнаған.
АҚШ президенті Барак Обама өзі үміткер болған кездегі елдің жағдайы жетекшілікті Дональд Трампқа берген сәтте әлдеқайда жақсы деп мәлімдеді. Мұнымен қоса Обама Трамптың тағаайындалуына алаңдаушылығын да білдірді.