Қырымда ұсталған украиндықтар барлау ақпараттарын жинап жүргендерін мойындады
ФҚҚ Қырым Республикасының шекарасында барлау ұйымдастырған деген күдіктілерден жауап алған бейнені жариялады. Алдын ала алынған ақпараттар бойынша ұсталғандардың бірі өз кінәсін мойындаған
Олардың бірі – Дмитрий Штыбликов – Қырым түбегіндегі РФ Қарулы Күштерінің орналасқан жерлері туралы ақпарат жинағандарын, барлау жұмыстарын жүргізетін нысандарды іздегендерін айтқан, деп хабарлайды ресейлік БАҚ өкілдері. Қазіргі уақытта Штыбликов полковник шенінде. Тапсырманы орындау үшін 2014 жылы азаматтар қатарында РФ Қорғаныс министрлінің бөлімшесіне жұмысқа орналасқан.
Ұсталғандардың екіншісі Алексей Бесарабов украин әскерінің қатарында екенін, барлаушы қызметінде және полковник екенін мойындады.
Өз ақпараттарын олар Ғаламтор арқылы Киевке жіберіп отырған, атқарған жұмыстары үшін қаражатты Украинаға барғанда алып отырған.
Естеріңізге саламыз, РФ ФҚҚ 9 қараша күні Севастопольде диверсантты-лаңкестік топты ұстау операциясын жүргізген. Олардан күшті жарылғыш заттар, қару-жарақтар, арнайы байланыс құралдары, диверсия ұйымдастыратын нысандардың карталары мен сызбалары табылған.
Диверсанттар Қара теңіз флоттарының және Қырым түбегін өмірмен қамтамасыз ету нысандарына лаңкестік шабуылдар ұйымдастырмақ болған.

Следующая →