Нью-Йорк қаласының тұрғындары Трампқа қарсылық білдіруге шықты
Полиция есебі бойынша, Манхеттен орталығына шыққан 5 мың адам Дональд Трамптың АҚШ президенті сайлауындағы жеңісіне қарсылық білдіру үшін Trump Tower зеңгір үйіне бағыт алған
Басында акцияға 400 адам қатысқан, алайда бірнеше сағат ішінде олардың саны мыңға жеткен. Олар «Менің президентім емес» деп жар салған. Кейбір белсенділер республикалыққа дауыс берген АҚШ-тың маңызды штаттарын сызып тастаған плакаттар ұстап шықты. Атап өту керек, Нью-Йорк штатында Хиллари Клинтон жеңген болатын, бірақ Ақ үйдің келесі иесі болу үшін бұл жеткіліксіз болды.
Нью-Йорктағы қарсылық акциясына байланысты қала полициясы АҚШ-тың таңдаулы президенті тұратын «Трамп мұнарасының» жанындағы қауіпсіздік шараларын күшейтті. Нью-Йорк құқық қорғау органдарының ақпаратынша, қарсылық акциясы барысында кем дегенде 30 адам «орынсыз әрекеті» үшін ұсталған.
АҚШ президентінің сайлауындағы дауыс беру қорытындысы жарияланған соң, осындай қарсылық акциялары Калифорния мен Орегонеде өткен. АР агенттігінің хабарлауынша, қарсылыққа қатысушылардың көпшілігі демократтарға сүйіспеншілік танытқан студенттер көрінеді. Лос-Анджелес көшелеріне Калифорния университетінің студенттік кампусынан 500-ге жуық адам шығып, Трампқа деген қарсылықтарын білдіріп айқайлаған.
Бұдан кішігірім акциялар Беркли, Ирвинде, Дэвис Сен-Хоседе өткен. Сонымен қатар 100 адам Окландта қарсылыққа шыққан. Митингке шыққандар Трампқа ұқсас мүсінді өртеп, Oakland Tribune газетінің терезелерін шаққан.