Буш-кіші әйелімен бірге Клинтонға дауыс бергені туралы ақпаратты жоққа шығарды
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш-кішінің өкілі Буш әйелі Лорамен бірге АҚШ президенттігіне демократтары атынан үміткер Хилари Клинтонға дауыс бергені туралы хабарламаны жоққа шығарды
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш-кішінің өкілі бұрынғы президент пен оның әйелі Лора Буш АҚШ президенттігіне үміткер Хилари Клинтон мен Дональд Трампқа да дауыс бермегені туралы айтты
Мұнымен қоса, осыған дейін американдық радиостанция эфирінде жүргізуші Раш Лимбо қолында Буштардың есебі бар ақпараттарға сүйене отырып олардың өз дауыстарын Хилари Клинтонға бергендері туралы мәлімдеген болатын, сондықтан экс-президенттің өкілдері бұл жалған ақпаратты жоққа шығара отырып, Буш-кіші мен оның әйелі бюллетендерін бос қалдырып ешкімге дауыс бермеу туралы шешім қабылдағандарын нақтылады.