Черногорияда «орыс ұлтшылдарының» премьерді өлтіру жоспары туралы айтылды
16 қазанда Черногориядағы төңкеріс ұйымдастырмақ болғандардың қатарына елдің премьер-министрі Мило Джукановичті өлтірмек болған «орыс ұлтшылдары» тобының қатысы бар болып шықты
Шетелдік БАҚ өкілдері хабарлағандай, Черногория прокуратурасында «орыс ұлтшылдарының» ел премьер-министрінің көзін құрту жоспары белгілі болған. Алайда Мило Джукановичті өлтірмек болған қылмыскерлердің 16 қазанда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға әрекет етпек болғаны да белгілі болған.
Черногорияның арнайы прокуроры Миливойе Катнич мемлекет басшысын өлтіру жоспары Джукановичтің сайлау нәтижесінде орнынан кетпейтінімен негізделген. Осыған орай, оны «орыс ұлтшылдары» күшпен түсірмек болған. Черногория премьерінің көзін құрту тәсілі де белгілі. Прокурор премьер-министрді «алыс қашықтықтан» мерген атып түсіру керек болғанын айтты.
Черногория прокуратурасында айтылып жүрген топ үш елдің өкілдерімен құрылған деген ақпарат бар. Олар: Сербия, Черногория және Ресей. Төңкеріс сәтті өтсе, билік елдің оппозициясына өтеді деп болжанған. Алайда қандай партия туралы айтылып отырғанын Катнич нақтыламады.
Естеріңізге саламыз, қазан айының соңында Сербиядан ресейлік топтың депортацияланған. Мемлекет үкіметі Черногориядағы теракты дайындауға депортацияланғандардың қатысы барын мәлімдеген. Сонымен қатар Сербияның арнайы қызметі шетелдік факторлардың әрекетімен Черногорияда өтуге тиіс болған мемлекеттік төңкеріс туралы айтқан болатын.