Венесуэла оппозициясы Мадуроға қатысты тексеруді тоқтатты
Ватиканның өтінішімен Венесуэла оппозициясы президент сарайына бейбіт шеруді және мемлекет басшысы Николас Мадуроға қатысты тергеуді тоқтатты
Венесуэланың оппозициялық парламенті үкіметпен келіссөз қарсаңында мемлекет басшысы Николас Мадуроға қатысты тексерулерді тоқтатты
Ұлттық ассамблея спикері Энри Рамос бұл шешімнің «берілу» еместігін, мұның елдегі дағдарыстан саяси шығу жолдарын табуға ниет екенін алға тартты.
Мұнымен қоса оппозиция 3 қарашаға белгіленген президент сарайының жанында өтетін маршты өткізбеуге шешім қабылдады.
Қазан айының соңында Венесуэло парламенті Мадуроға сенімсіздік үрдісінің басталуына дауыс берген болатын.
Мадуро өз кезегінде конституциямен импичмент өткізу процедурасы қаралмағанын алға тартқан. Сонымен қатар, Венесуэла заңдарын бұзғаны үшін оппозиция өкілдеріне түрмемен сес білдірген.