Британ тыңшылығы Ресейді қауіпті және агрессор санайды
Ұлыбританияның МИ-5 қарсы бақылау басшысы Эндрю Паркер Ресейді британдық тұрақтылығына қауіп төндіреді деп мәлімдеді
- РФ кибершабуыл, жару әрекеттерін, тыңшылық пен насихаттық басқыншылық тәсілдерін өзінің сыртқы саясатын шетелде алдыға жылжыту үшін біршама мемлекеттік органдарды пайдаланады. Ресей бүгінде Ұлыбританияны қосып, бүкіл Еуропада әрекет етеді, - деді Паркер.
МИ-5 директоры өзі басқаратын мекеменің жұмысы «аталғандардың барлығының алдына тұру» деп түсіндірді.
- Ресей аталған әрекеттерін бақыласақ, өзін Батысқа көбірек қарсы қоятын сияқты, - деп жалғастырады Паркер. – Сіздер мұны Украина мен Сириядағы әрекеттеріне қарап көре аласыздар. Бірақ, киберқауіппен бірге көзден таса қалып отырған көптеген көлемді жұмыстар бар. Ресей ондаған жылдар бойы астыртын қауіп болып келген.
Паркер МИ-5 мекемесінің ғасырлық өмірінде басшылардың ішіндегі газеттік интервью берген алғашқы адам.