Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызын психиатриялық больницаға жатқызды
Өзбекстанның президенті Ислам Кәрімовтың өлімінен кейін үлкен қызы Гүлнар туралы әңгіме қайта жаңғырды, деп хабарлайды Zakon.kz
Өйткені Гүлнар Кәрімова жақында ғана елдің саяси олимпының ірі фигуранттарының бірі болатын. Оның ісі 5 жыл бұрын халықаралық деңгейдегі қаржылық жанжалдарға байланысты бұзыла бастаған.
Сенімді ақпарат көздері Гүлнар Каримованы психиатрлық больницаға жатқызғандығын жеткізді. Сонымен қатар оның ұлы Ислам Кәрімов (кіші) өз анасымен байланыса алмай отырған көрінеді.
Гүлнар Кәрімова тек қана саясат және бизнеспен шектелген жоқ, ол сонымен қатар киім дизайнымен де айналысқан. Шоу-бизнес әлемінде «Гугуша» деген лақап атпен танымал.