Трамп Клинтонның денсаулығын талқылауға тыйым салды
Директивтерді бұзғандар жұмыстан қуылады. Республикалық партия өкілдері "Клинтонның тезірек сауығуын" тілеуден басқа амалдары қалмады
АҚШ президенттігіне республикалықтардан үміткер Дональд Трамп өзінің көмекшілеріне Демократиялық партияның үміткері Хиллари Клинтонның денсаулығы туралы хабарлауға тыйым салды, деп мәлімдейді CNN.
Одан өзге, Трапмтың өзі де жексенбі күні Клинтонның денсаулығы туралы мәлімдеме жасаудан бас тартты.
- Мен бұл туралы ештеңе де білмеймін, - деді ол.
АҚШ вице-президентіне Республикалық партиядан үміткер Майкл Пенс те осылай әрекет етті.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жексенбідегі 2001 жылдың 11 қыркүйегінде қаза болғандарды еске алу рәсімінде политик жиыннан уақытынан ерте кетуге мәжбүр болды. Ал фургонға барар жолда есінен танып қалған.