Путин Каримовтың ізбасары болуы мүмкін адаммен кездесті
РФ президенті владимир Путин Өзбекстанның премьері Шавкат Мирзияевпен кездесу барысында Өзбек елі мен басшылығы Ресейге сеніп артуына болатындығын айтты
Ол сонымен қатар, Ресей елі «Ислам Кәрімов негізін қалап кеткен іс әрі қарай да жалғасын табады деп сенетіндігін» де баса айтты.
- Біз өз тарапымыздан Өзбекстан халқы мен басшылығын қолдауға тырысамыз. Кез келген жағдайда жақын достарыңыздай бізге сенім артсаңыздар болады, - деді Путин.
Ресей басшысы Кәрмовтың екі ел арасындағы қарым-қатынастың негізін мықты қалап кеткендігін, Ресей елі Өзбекстанмен арадағы байланысты бағалайтындығын да аап өтті.