Клинтон штабы Трамптты Ресеймен қаржылық байланыста деп айыптады
АҚШ президенттігіне үміткер Хилари Клинтон штабының өкілі Робби Мук АВС телеканалының эфирінен миллиардер Дональд Трампты Ресеймен қаржылық байланысы бар деп сынады
Демократтың айтуынша, Трамп Мәскеу ықпалының қол астында. Оның пікірінше, бұл туралы Республикалық партияның саясы тұғырнамасының өзгеруі айтып тұр. Мук, Трамптың НАТО құрамынан шығып Шығыс Европаны Ресеймен жеке қалдыру ойы, оның сол елмен, өзі айтқысы келмейтін, байланысы бар деп хабарлайды.
- Трампқа өзінің барлық қаржылық байланыстарын және көмекшілерінің Кремель өкілдерімен кездескен-кездеспегенін ашу керек, - дейді Мук.
Мұнымен қоса Мук, Трамп сайлау штабының жетекшісі Пол Манафорттың жұма күні қызметінен кетуіне пікір айтты. Ертеректе америкалық БАҚ өкілдері Украин президенті Виктор Янукович болған кезде, шенеуніктің АҚШ-та Киев ұстанымдарын тықпалаған деп айыптаған.
- Ескерте айтамын, Пол Манфортты кетуге итермеледі, алайда бұл, компаниядан ресейлік жақтың шығып қалғанын айтпайды, - дейді Мук.
Клинтонның сайлау штабы соңғы кездері Ресейді сайлауалды жарыстарына ықпал етуге тырыспақ деп бірнеше рет айыптаған. Осыған дейін, Демократиялық партияның серверлерін бұзғандарды ресейлік хакерлермен байланыстырған.