АҚШ делегациясы бүгін Түркияға Гюленнің берілуі туралы келіссөз жүргізуге барады
АҚШ әкімшілігінің өкілдері дүйсенбі күні Анкарадағы әскери төңкерілістің ұйымдастырушысы ретінде күдікті Феттулах Гюленді елге қайтару туралы келіссөздер жүргізуге барады
АҚШ Әділет министрлігінен 3 өкіл және мемлекеттік департамен бір қызметкер 23-24 тамыз аралығында Түрік билігімен келіссөздер жүргізеді.
Феттулах Гюленді елге қайтарып алу үшін Түркия билігі АҚШ-тан келген өкілдерге оның Анкарадағы оқиғаға қатысы бар екенін дәлелдеуі керек.
Түркиядағы әскери төңкеріліс 16 шілде түні ұйымдастырыды, алайда бүлікшілердің әрекеті жүзеге аспайды. Анкара билігі болса, бүліктің басында Гүлен тұр деген пікірде. Ал Гюленнің өзі болса, кінәнің бәрін жоққа шығаруда. Вашингтон болса, егер Феттулах Гюленнің кінәсі дәлелгенсе, оны қайтарып беретіндерін айтқан.