Түркия билігі елдегі профессорларға шетелге шығуға тыйым салды
Түркияның жоғарғы кеңесі елдегі профессорлар мен ЖОО оқутышыларына елден шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Reuters
Түкия еліндегі бірден 1577 университет декандарының жұмыстан босату туралы жазылған арыздарынан кейін, ғылыми қызметкерлерге «алдағы тапсырмалар бойынша» шетелдерге шығуға рұқсат жоқ, деп жазады жергілікті БАҚ.
Тыйымға жеке және жұмыс сапарлары қатар кіреді.
Жуыр арада түркиялық мемлекеттік қызметкерлерге де шетелге шығуға тыйым салынды.
Мұндай үкімдердің барлығы Түркияның сот жүйесі және әскери саласында жасалмақ болған төңкерілістерге, ел билігінде болып жатқан «тазартуларға» байланысты.