Молдавияның экс-примьері 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Молдавияның бұрынғы примьер-министрі Влад Филатты Кишинев соты 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына жазды
Фото:
bloknot-moldova.md
Дүйсенбі күні В. Филаттың үстінен екі бап бойынша үкім шығарылды. Олардың біреуіне сәйкес ол 8 жылға, екіншісі бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылуы керек. Ал мемлекет тарапынан оны барлығы 19 жылға соттауды ұсынып отыр.
Молдавияның экс-примьері банк жүйесіндегі қаражаттарды жымқырғаны үшін істі болды.
Бірінші инстанциялы соттың шешімін аппеляциялық сотқа шағымдану арқылы қайта қарауға болады.