Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Трамп шеруінде ұсталған азамат үміткерді өлтіргісі келгендігін мойындады

18 маусымда Лас-Вегаста Дональд Трамптың сайлау алды шеруінде ұсталған ер адам құпия қызмет қызметкерінің қаруын игермек болған уақытында ұсталды. Азамат Дональд Трампқа оқ атпақ болған

Новости мира / Политика в мире / Задержанный на митинге Трампа признался, что хотел его убить
Фото:
eurasianinfoleague.com

Би-би-си хабарлағандай сотта 19 жасар Майкл Стивен Сэндфорд Нью-Джерсиден Калифорнияға Д. Трампты өлтіру мақсатымен келген екен.

Ұсталғанның қалтасынан Британияда берілген жүргізуші куәлігі табылған. Бірақ азамат полицияға АҚШ-та 1,5 жыл уақыт қана тұратындығын айтқан.

С. Сэндфорд сотқа Трампқа қастандық жасауды бір жылдан бері жоспарлап келгендігін жеткізген.

Сондай-ақ ол осы уақытқа дейін, ешқашан атып көрмегендігін, бірақ Лас-Вегасқа келерден бұрын 17 маусымда ату бойынша қысқа курстан өткенін жеткізген.

Трамп шеруінде, ол күзету қызметікерінің беліндегі ашық тұрған тапанша қабының ішіндегі тапаншаны алмақ болған. С. Сэндфордтың сөзінше, бұл тәсіл оған ең оңай болып көрінген.

Сот материалдарында, с. Сэндфордтың бір немесе екі рет қана ататын мүмкіндігінің бар екендігін сезгендігі жазылған, атқаннан кейін, күзетшілердің оған қарсы оқ жаудыратынын да білген.

Тергеуде С. Сэндфорд оған Д. Трампты ату мүмкіндігі бұйырмаса, ол оны Феникстегі шеруде жасамақ болған. Айта кетерлігі, ұсталған азамат ол жаққа баратын билеттерге де тапсырыс беріп қойған. С. Сэндфордқа арнайы күзет қызметіне күшпен әрекет жасағаны үшін, айып тағылды.

Следующая →