Шабуылға тап болған британдық депутат Джо Кокс қаза тапты
Британдық парламенттегі Лебористік партия мүшесі Джо Кокс бейсенбі күні шабуылға тап болып, қаза тапты – деп хабарлайды құқық қорғау органдарына сілтеме жасап, британдық БАҚ
Фото:
bbc.com
41 жасар әйел Батыс Йоркширдегі Берстолл қаласында жараланды.
Журналистердің мәліметінше белгісіз азамат алдымен әйелге оқ жаудырып, артынан пышақпен жүгірген.
Күдікті ретінде 52 жасар ер адам ұсталды.