Аралдағы Экокатастрофаның салдарын жеңілдетуге Өзбекстанға Қытай көмектеседі
Қытайлық сарапшылар Арал маңындағы аудандарға кешенді экспедиция жүргізіп, Арал теңізінің кепкендігінен келген проблемалармен күресуге бағытталған жобаларды ұсынады
Фото:
animalworld.com
«Қытай мен Өзбекстан билік басындағылары арасында, кешенді экспедиция жүргізу туралы келісімге қол қойылды. Аталған жоба «Арал теңізі бассейндеріне 2011-2015 жылдарда көмек көрсету бағдарламасы» аясында бірқатар жобаларды зерттеуге қытайлық мамандар келеді – деп хабарланған Өзбекстан Ауыл және су шаруашылығы министрлігінің ақпараттық қызметінде.
Ондағы мәлімет бойынша, өзбекстандық тараптан ауыл және су шаруашылығы министрі – Шухрат Тешаев, ал қытайлықтардан ҚХР-дың Өзбекстандағы елшісі – Сунь Лицзе қол койған.
Көрсетілгендей, кешенді экспедиция – қайтарымсыз көмектің қаражатына жасалатын болады. Ол 2007 жылдың 3 қарашасынан бастап екі ел арасындағы техникалық-экономикалық келісімге кезінде қаралған.
Экспедияның қорытындысына сай, қытайлық сарапшылар Аралдың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды, келесі дайындықтың сатылы жүзеге асуы үшін, өздеріне алмақ ниетте.
Жоспарланған жобалардың мақсаты – Аралдың экологиялық ахуалын ірі көшеттерден орман отырғызу арқылы жеңілдету. Олар – тұз бен шаңды шығару, биологиялық заттарды қалпына келтіру, балық өсіру секторын дамыту.
Ауыл және су министрлігінде бұл бастамалардың 2015 жылдың 20 тамызында Өзбекстан билігінің бекіткен Арал апатын жеңілдетуге бағытталған 2015-2018 жылдардағы Аралдың әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыпқа келтіретін Кешенді бағдарламаға кіреді.
Маңызды жобаның серіктестері рөлінде Аралды құтқару Халықаралық қоры болады. Оның құрамына қазіргі уақытта Өзбекстан да кіреді.
Өзбекстан табиғатын қорғау комитетінің мәліметінше, соңғы 50 жылда арал теңізінің су массасы көлемі он төрт есеге дейін төмендеген. Ал оның тұздылығы жиырма бес есеге дейін өсті. Бұл бұрындары теңіз тіршілігінде болған балықтар мен су тұрғындарының толықтай жойылып кетуіне әкеліп соқтырды. Аралға жақын аймақта өсіп тұрған өсімдіктер мен жабайы жануарлардың түрлері азайып барады. Толықтай жойылып кету қаупіне сүт қоректілердің 12 түрі, құстардың 26 түрі және өсімдіктердің 11 түрі енді.