Австралия парламенті таратылады
Австралияның Премьер-министрі Малкольм Тернбулл парламенттің таратылатынын мәлімдеді
Фото:
s3mountkeira.weebly.com
Австралияның Премьер-министрі Малкольм Тернбулл парламенттің таратылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «24.kz телеарнасының сайты».
Оған үкіметтің кәсіподақтар, құрылыс және өнеркәсіп туралы ұсынған екі заң жобасы төңірегіндегі келіспеушілік себеп болған. Тернбулл құжат қабылданбаса, заң шығарушы органның қызметін тоқтатуға дайын екенін наурызда ескерткен болатын. Енді парламенттік сайлау 2 шілдеде өткізілмек.