Обама Дональд Тармпқа сенбейді
АҚШ көшбасшысы Барак Обама миллиардер Дональд Трамптың президенттік сайлауда жолы болатынына сенімсіздік танытуда
Фото:
7days.us
Обама алдағы президенттік сайлауға қатысты өз пікірін бірнеше мәрте білдірген еді.
Корреспонденттер ассоциациясының дәстүрлі кешкі асында президент Республикалық және Демократиялық партиялардың кандидаттары алдында қалжыңдап, өз ізін жалғаушы ретінде Хилари Клинтонды меңзеп өтті.
Одан өзге, Обама Дональд Трамптың «халықаралық тәжірибесін» де атап өтті.
Айта кетсек, үлкен ықтималдықпен Демократиялық партиядан Хиллари Клинтон, Республикалықтан Дональд Трамп үміткер болады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетсек, АҚШ президентінің 58-ші сайлауы 2016 жылдың 8 қарашасында өтеді. Оған Обаманың өз кандидатурасын ұсынуға құқығы жоқ