Алдағы күндері солтүстік Корея азаматтарына өлуге және үйленуге болмайды
Солтүстік Кореяда алдағы күндері өлуге және үйленуге болмайды. Ким Чен Ын той мен жерлеу рәсіидерін жүргізуге тиым салып отыр
Фото:
pravda-tv.ru
Ресми дерек бойынша, мұндай әрекеттерге жергілікті билік тек халықтың қауіпсіздігі үшін барып отыр.
Мәселенің барлығы 6 мамыр күні Кореяның еңбек партиясының отырысы өтетіндігінде. Соңғы рет бұл жиын 30 жыл бұрын болған екен, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».
Сондықтан форумға дайындық алдын ала жүргізіле бастады. Бүгінгі таңда елдің астанасына кіретін және шығатын жолдар жабылды. БАҚ өкілдері болса, пирсинг пен джинсаларға тиым салынғанын жарыса жазуда. Ал шаңырақ көтеремін деушілер мен қаза тапқандарды жерлеу рәсімдері әзірге кейінге шегертіліп отыр.