АҚШ президентіне үміткер Кейсик пен Криз Трампқа қарсы бірікпекші
Респубикалықтар бір-біріне көмектесіп жеңіске жету жолында бірігіп, Трамптың автоматты түрде АҚШ президенті атануына бәсекелес болмақ
Фото:
bbc.com
АҚШ президенттігіне үміткер болып отырған Республикалық партиясының үміткерлері губернатор Огайо Джон Кейсик және Техас штатының сенаторы Тед Круз бірлесе отырып, Дональт Трампен бәсекелеспек.
Кейсик пен Круз кампаниялары дауы көп жинаған щтаттарда бір-біріне жол беру әдісі бойынша көмектеспек. Яғни Круз Индиананы алса, Кейсик – Орегон мен Нью Мексиканы өзіне алды.
Әзірге президенттік сайлауда Трамптың жеңіске жететініне жиналаған дауыстар куәландыруда. Алайда Техастың сенаторы мен Огайоның губернаторы оған қарсылас болатынына сенімді.
Естеріңізге сала кетсеп, АҚШ президентінің сайлауы 2016 жылдың 8 қарашасына жоспарланған. Конституция заңы бойынша қазіргі президент Барак Обама үшінші мерзімге президент болып сайлана алмайды.
Демократтардың атынан шығып отырған бұрын мемлекет хатшысы болған Хиллари Клинтонның да жеңіске жету жолында танымал. Ол өзінің кандидатурасын 2015 жылдың 12 сәуірінде ұсынса, оның қарсыласы Вермонт штатының сенаторы Берни Сендерс жарысқа өткен жылдың 1 мамырында қосылды.