Фидель Кастро 8 айда халық алдына алғаш рет шықты
Командант қатарға қосылды. Куба революциясының тарихи көшбасшысы Фидель Кастро 8 айда алғаш рет көпшіліктің алдына шықты
Фото:
tvc.ru
Жуырда Гаванада өткен куба революциясының батырларын еске алу салтанатына Фидель Кастро қатысты. Шара Фидель Кастроның жұбайы Вильма Эспин атындағы білім беру орталығында өтті. Фидель Кастро балабақша мен бастауыш сынып оқушылары, мұғалімдер мен тәрлімгерлер алдында сөз сөйледі.
«Вельма бүгінгі күнді көрсе, бақытты болар еді. Өйткені ол өз жанын бекер қиған жоқ, Кім де кім революция үшін көз жұмса, ол өз артынан күш-қуат қалдырады», - деді ол.
90 жасқа таяған Фидель Кастро жұртшылықтың алдына өте сирек шығады. Сондықтан ара-тұра өзінің өлімі жайлы жайлаған жалған ақпаратты теріске шығарып турға тура келеді.