АҚШ президенттігіне кандидат Хиллари Клинтон Қытайды «абайлап басқызамын» деп уәде берді
Хиллари Клинтон Қытайды қатты сынға ұшыратып, егер оны президент қылып тағайындаса Пекинді «абайлап басқызатынын» айтты
Фото:
nikvesti.com
«Қытай біздің саудамызға өз арзаң тауарларын заңсыз жолмен кіргізуде, біздің сауда құпияларымызды ұрлауда, өзінің мемлекеттік меншіктегі компанияларына жосықсыз артықшылық беріп американдық компанияларды кемсітеді», - деді ол Пенсильваниядағы сайлау алды жарыс барысында.
Х. Клинтон Қытай басшылығының алдында ең қиын деген сұрақтарды көтеретінін айтты: хакерлік шабуылдардан адам құқығына дейін, климаттың өзгеруі, сауда және тағы да басқа көптеген мәселелер.
«Мен олардың қалай әрекет ететінін жақсы білемін, және олар да мен президент болсам абайлап басатынын біледі. Себебі біз өзімізге әділ қарауды талап етеміз, әйтпесе олардың біздің нарыққа деген жолдары жабылады», - деді ол.