КХДР Манхэттонды жер бетінен жоюға дайын екендерін хабарлады
КХДР өкілдері Манхэттонды жер бетінен сутегі бомбасының көмегімен жойып жібере алатындарын айтты
Фото:
polit.ru
КХДР өкілдері Манхэттонды жер бетінен ғалымдары дайындағы сутегі бомбасының көмегімен жойып жібере алатындарын хабарлады, деп жазады РИА «Новости» Washington Post басылымына сілтеме жасап.
КХДР әзірлеген сутегі бомбасы КСРО заманында әзірлеген жарылғыш заттан сәл үлкендеу. Ол жарылғыш зат 100 шақырым аумақтағы адамдарда күйіктің үшінші дәрежесін және 1000 шақырымды аумақта дыбыс толқыны арқылы терезелерді жару мүмкіндігіне ие еді.
«Егер американдық империалистер соғысқа әрекет етсе немесе біздің ұлттың тәуелсіздігіміз бен ұлттық құндылықтарымызға тіл тигізсе, біздің республика жер бетінен АҚШ атаулы мемлекетті бірақ жояды», - деген пайымды ұстануда Солтүстік корея басылымдары.
Ал бомбаны Кореядан АҚШ-қа баллистикалық ракетаның көмегімен жеткізбекші.
Соңғы кезде Солтүстік Корея мен АҚШ елдерінің арасындағы қақтығыс Вашингтон мен Сеул ғалымдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде ушықты.