Ауғаныстан президенті «ИГИЛ» ұйымы үшін бұл ел зират болатынына уәде берді
Ауғаныстан президенті Ашраф Гани жексенбі күні ауғандық әскерилер елдің шығысындағы ИГИЛ террористік ұйымын жеңгенін хабарлады
Фото:
tvc.ru
Парламенттің алдында сөз алған президент Ауғаныстан ИГИЛ үшін зират орнына айналады деп баса айтты.
А.Гани «Ислам мемлекеті» террористік ұйымын Пәкістанмен шекаралас Нангархар өлкесінен қуып шығу қолдан келгенін айтты.
Нангархар өлкесінің басшысы "Шохин - 18" әскери операциясының аяқталғанын және әскери әрекеттердің барысында Ачин өлкесінде 3 аптаның ішінде 300 ИГИЛ сарбаздары қаза тапқанын айтты.