"Ислам мемлекеті" шатасып GOOGLE-дың жалған сайтын бұзды
«Ислам мемлекеті» террористік ұйымының хакерлері өш алу мақсатында британиялық сайттардың біразын бұзды
Фото:
lratvakan.com
Independent басылымының хабарлауынша, «Киберхалифат әскерінің» әрекеттерінен саяси емес және қоғамдық бағыттағы ресурстар зардап шекті.
Следующая →
Осылайша исламшылар жиғаз бен ламимат саудасымен айналысатын сайтты, япондық би үйрететін жетекшінің сайтын және Google танымал іздестіру жүйесінің атауы бар ресурсты бұзған Алайда Addgoogleonline.com ресурсы Үндістан азаматының атына тіркелген екен. Бұзылған ресурстар әлі қалпына келтірілген жоқ.
Исламшылдар британдық сайттардың 35-ін бұзды. Бұл әрекеттері арқылы олар өткен жылы американдық бомбалардың атқылауынан қаза болған өздерінің жақтастары Юнейд Хусейн үшін кек алмақ болған.
Айта кету керек, өткен жылы «Ислам мемлекетінің» хакерлері өткен жылы АҚШ орталық басқармасының Twitter-дегі аккаунтын бұзған.