Сирияның 34 тұрғын аймағында шайқастар тоқтатылды
Ресейдің қорғаныс министрлігі Сирияның 34 тұрғын аймағындағы шайқастар тоқтатылғанын хабарлады
Фото:
inosmi.ru
«Қазіргі уақытта 34 тұрғын аймақтарда жүргізілген әскери әрекеттер тоқтатылды», - деді ресейлік екі жақты келістіру штабының басшысы, генерал-лейтенант Сергей Кураленко.
Оның сөзінше шайқастың тоқтатылуы Хама, Аль Саямия, Аль Шерба және өзге ауданларда тіркеліп отыр.
«Екі жақты бітімгерлікке келтіру үшін Сирияның Хмеймим авиациялық базасында келісімге келтіру орталығы құрылды. Орталықта 61 ресейлік офицерлер жұмыс істеуде. Олардың басты мақсаты – жарылыстарды тоқтату маөсатында арнайы келісімшартты бекіту, әскери құрылымдардың көшбасшыларымен келісім жасасу және тұрғындарға гуманитарлыө көмек жекізу. Сонымен қатар біз Сирияның келісіммен айналысатын құрылымымен байланысымызды нығайтудамыз», - деді С.Кураленко.