"Аш-Шабаб" тобы Сомали лайнерінің жарылысын өз мойнына алды
Могадишода жедел тоқтаған жолаушылар ұшағының жарылысын "Аш-Шабаб" тобы өз мойнына алды
Фото:
fapnews.ru
3 ақпан күні Daallo Airlines компаниясының 74 жолаушыны тасымалдап келе жатқан Airbus 321 ұшағы Джибути-ға бара жатқан жерінен апаттық тоқтау жасауы керек болды.
Оқиға ұшақ Могадишо әуежайынан ұшып шыққаннан кейінгі 15 минутта орын алады. 1 адам қаза тапты. Ол жарылыс салдарынан пайда болған 1 метрлі саңылаудан ұшып шығады. 2 адам жарақат алды. Жарылыстан кейін ұшақ сыртына жарылысты ұйымдастырған адам ұшып шықты деген пайым бар.
Сомали көлік министрі Али Ахмед Джамак Daallo Airlines компаниясының ұшағында жарылыс болғанын растады.
«Ұшақ бортында болғандардың барлығы өледі деп болжанған», - деді министр.
Бірнеше күн қатарынан ешбір ұйым жарылысты өз мойындарына алмаған.