АҚШ РФ-ның Сирияға қатысты әуе соққысын тоқтатуын күтуде
АҚШ әкімшілігі әлі де Ресейдің Сириядағы бүлікші-оппозиционерлерге қарсы әуе соққыларын тоқтатуын күтуде
Фото:
tvc.ru
«Сирияға қарсы әуе соққылары мен Башар Асад режиміне көрсетіліп отырған қолдауды тоқтатуын күтудеміз», - деді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі брифинг барысында. Сонымен қатар, ол АҚШ-тың ойынша осы кезеңде «Ресей, Асад күштері мен оппозиционерлер тарапынан жасалатын соғыс әрекеттерін тоқтатуға» қол жеткізу маңызды екенін жеткізді. М.Тоннер осы аптада тоқтатылуға алдын ала келісілген Сириядағы отты жедел тоқтату мүмкін емес екенін айтты.
- Алға қойған мақсатқа тыс болмаса бір аптада қол жеткізсек - үлкен жетістік, - дейді АҚШ мемлекеттік департамент өкілі.
Халықаралық Сирияға қолдау көрсету тобының қатысушылары Сириядағы шабуылдарды бір апта ішінде тоқтату туралы келісім жасасқан болатын. Сонымен қатар Сирияның кейбір аудандарына гуманитарлық көмек жеткізілетіндігін де айтақан болатын.