«Ислам мемлекеті» атанатын содырлар Еуропада ауқымды шабуылдар жасамақшы
Дүйсенбі күні Еурополдың басшысы Роб Уэйнрайт Парижда болған теракттан кейін «Ислам мемлекеті» атанатын содырлар тағы бір шабуыл жасамақшы деп хабарлады
Фото:
yle.fi
Роб Уэйнрайттың пайымынша, ұйымның жарияланған баяндамасында «Ислам мемлекеті» атанатын содырлар Еуропаға бағытталған ауқымды террористік күреске арналған жаңа амалдар мен дағдыларды ойластырған».
Батыстағы БАҚ өкілдерінің хабарламасында баяндаманың жариялануы Гаагадағы жаңа контртеррористік орталықтарының ашылуымен сәйкес келді.