Зеленский жалпы жұмылдыру туралы жарлыққа қол қойды
Елордада коменданттық сағат жарияланды, оның барысында қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылды
Украина президенті Владимир Зеленский "жалпы жұмылдыру туралы" жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысының сайтында жарияланған құжатта айтылғандай, Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты және мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету, Украина Қарулы күштері мен басқа да әскери құрылымдардың жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын қолдау мақсатында, Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің ұсынысы негізінде, Украина Конституциясының 102-бабының екінші бөлігіне, 1, 17, 20-тармақтарының бірінші бөлігіне сәйкес ел президенті жаппай жұмылдыру жұмыстарын жариялады.
Жұмылдыруды Винница, Волынская, Днепропетровск, Донецк, Житомир, Закарпат, Запорожье, Ивано-Франковск, Киев, Кировоград, Луганск, Львов, Николаев, Одесса, Полтава, Ровно, Сумы, Тернополь, Харьков, Херсон, Хмельницкий, Черкассы, Черновцы, Чернигов облыстары және Киев аумағында жүргізу тапсырылды.
Жұмылдыру Жарлық күшіне енген күннен бастап 90 тәулік ішінде жүргізіледі.
Сонымен қатар, елордада коменданттық сағат 22.00-ден 7.00-ге дейін енгізіледі, бұл уақытта қоғамдық көлік жұмыс істемейді, деді Киев мэрі Виталий Кличко.
Киев бүгіннен бастап коменданттық сағат енгізді. Ол 22.00-ден 7.00-ге дейін әрекет етеді. Бұл мәжбүрлі қадам, бірақ қазіргі әскери агрессия мен соғыс жағдайында елорда тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қажет, - деп жазды Кличко бейсенбі күні кешке Telegram каналында.
Ол коменданттық сағат кезінде қоғамдық көліктер жұмыс істемейтінін айтты.