Украина билігі әскери әрекеттер кезінде ондаған адам қаза тапқанын хабарлады
Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Украинаның шекара қызметінің әскери қызметшілері ресейлік бөлімшелерге қарсылық көрсетпегенін айтты
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі украин әскери күштері қару-жарақтарын түсіріп, беріліп жатқандарын хабарлады,
Барлау барысы Украинаның қарулы күштерінің жекелеген бөлімшелері мен әскери қызметшілері қару-жарақтарын түсіріп, өз позицияларын жаппай тастап кетіп жатқандығын көрсетеді, - деді РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.
Ол қаруларын түсірген бөлімшелердің соққыға ұшырамайтынын айтты.
Украина шекара қызметінің әскери қызметшілері ресейлік бөлімшелерге қарсылық көрсеткен жоқ, - деп атап өтті РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.
Оның айтуынша, Ресей әскери күштері зымырандар мен авиацияны Украина қалалары мен бейбіт тұрғындарына қарсы пайдаланбайды.
Ресей қарулы күштері Украина қалаларына зымыран, авиация немесе артиллерия шабуылдарын жасамайды. Ресей Қарулы Күштерінің Жоғары дәлдіктегі қаруы тек әскери инфрақұрылым, әуе-қорғаныс нысандары, әскери аэродромдар, әуе қорғанысы күштерін нысанға алады, - деді Конашенков. - Бейбіт тұрғындарға ешқандай қауіп төнбейді.
Өз кезегінде Украина Президенті кеңсесінің басшысы Алексей Орестович соғыс кезінде 40-тан астам адам қайтыс болғанын айтты.
Мен қазір 40-тан астам адам қайтыс болғанын және ондаған адам жараланғанын білемін, - деді Арестович бейсенбіде өткен брифингте.