Колумбияда наразылық акциялары өтіп жатыр
Колумбияның бірнеше ірі қаласында наразылық акциялары жүріп жатыр, 200 мыңнан астам адам шықты
Колумбия билігі наразылық танытушыларды бейбітшілікке шақыруда, деп жазады Новости РАА сайты.
- Марш қатысушылары бейбіт наразылық танытты, ол маршқа 207 мың адам қатысты, - деп мәлімдеді ішкі істер министрі Нанси Гутьеррес.
Бірақ бұл жағдайды толық ашып көрсетпейді, елдің әр ауданынан қарсылық танытушыларды ұстап әкетіп жатқандары және полиция қызметкерлері арасында жараланғандары бар екені туралы ақпарат бар.
- Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 22 адам тұтқындалды. 28 полиция қызметкері жараланды, - деді ұлттық полиция директоры Оскар Атеортуа.
Наразылық акциялары алдымен студенттер мен оқытушылар маршы ретінде жоспарланған, бірақ оларға саяси оппозиция қосылып, жалпы ереуіл деп жариялаған.
Наразы топ билікті әрекетсіздігі үшін айыптап, қылмыспен күресті күшейтуді және экономиканы дамытуды талап етуде.