Google АҚШ үкіметінен Huawei-мен бірігіп жұмыс істеуге рұқсат сұрап отыр
Google компаниясы егер Huawei-мен бірігіп жұмыс істемесек, қытайлық компания технология нарығында қауіпті бақталасқа айналуы мүмкін
Ал басты қауіп қытай компаниясының өзінің жеке операциялық жүйесін жасап шығуы мүмкін екендігінде болып отыр, деп хабарлайды Новости РАА.
АҚШ Сауда министрлігінің Huawei компаниясын қара тізімге енгізгеніне бір айдай уақыт болды. Содан қытайлық компанияға америкалық өндірушілерден технология мен құрал-жабдықтарды сатып алуға тыйым салынды.
Бұдан кейін Huawei компаниясы өзінің операциялық жүйесін жасауды қолға ала бастады. Соған байланысты Гугл компаниясы ұлттық қауіпсіздікке зияны тиетінін біле отырып, АҚШ әкімшілігінен тыйым салуды алып тастауды өтінген.