Сириядан АҚШ әскерлері шығарылмақ
АҚШ үкіметі Сириядан әскерлерінің шығарыла бастағанын растады
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Newsmax телеарнасына берген сұхбатында АҚШ әскерінің нақты қай уақытта шығарылатындығын айтпады, өйткені АҚШ қарсыластары бұл жайында білмеуі тиіс.
Мемлекеттік хатшының хабарлауынша, Сириядан АҚШ әскері шығарылса да, "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестерімен күрес әлі де жалғаспақ.
- Таяу Шығыстағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін АҚШ президенті ИМ-мен күресті әлі де жалғастыруды талап етіп отыр, - деп атап өтті ол.
Помпео АҚШ әскерінің Сириядағы күрдтердің де құқығын қорғайтындығын әрі түрік әскерлерімен қақтығысып қалмауы үшін бар әрекетті жасайтындығын ескертті.