Трамп ЕуроОдақты баж салығынан бірігіп бас тартуды ұсынды
АҚШ Президенті Дональд Трамп ЕуроОдақ мемлекеттеріне әділ сауда-саттық болу үшін барлық бажға салынатын салықтардың барлығын алып тастайық деп ұсыныс тастады
АҚШ президенті Трамп пен Еуропалық Одақ басшысы Жан-Клод Юнкер кездесіп сауда-саттық мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ басшысы Еуропадан келетін болат пен алюминийге баж салығын енгізгеннен бері Еуропа мен Американың қарым-қатынасы күрт нашарлап кеткен еді. ЕуроОдақ та қарап отырмай баж салығын өсіріп жіберді.
- ЕуроОдақ өкілдері Вашингтонға келіп, келіссөзге қатысады. Сонда мен өз ұсынысымды айтып көремін. АҚШ та, ЕуроОдақ та барлық баж салығынан бас тартсын дегім келеді! Сонда ғана әділ сауда, еркін айналым болмақ. Әріптестеріміз бұған келісер деп ойлаймыз, - деп жазды Трамп Твиттерде.